🌷 “Қызғалдақ” тобымен соңғы күн… 🌷

Уақыттың қалай өткенін байқамай қалыппыз…
Кеше ғана кішкентай қолдарымен апай деп құшақтайтын бүлдіршіндеріміз, бүгін міне, жаңа өмірге қадам басып тұр 🤍

Осы топпен бірге қаншама әдемі естелік жиналды…
Алғашқы тақпақтар, тәтті күлкілер, балалық еркеліктер — бәрі жүректе мәңгі сақталады ✨

Әр бала біз үшін ерекше.
Әрқайсысы жүрегімізде өз ізін қалдырды 🫶🏻